Қытайдың 2017 жылғы ЖІӨ-нің өсу қарқыны 6,5% немесе одан жоғары болмақ. Егер жағдай дәл осылай өрбитін болса, онда бұл соңғы 26 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Бұл туралы Қытайдың 2017 жылға жасаған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында айтылған, деп хабарлайды РИА Новости.
"ЖІӨ шамамен 6,5%-ға өседі, дегенмен іс жүзінде жақсы көрсеткішке ұмтыламыз", – делінген халық өкілдері бас қосатын Жалпықытай жиынының жыл сайынғы сессиясы басталар алдында реформалар және даму мемлекеттік комитеті жариялаған баяндамада.
ҚХР-дың мемлекеттік статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, Қытайдағы ЖІӨ өсу қарқыны 2015 жылғы 6,9%-бен салыстырғанда 2016 жылы 6,7%-ға дейін бәсеңдеп қалды. Бұл соңғы 26 жылдағы ең нашар көрсеткіш болып табылады, дегенмен бұл үкіметтің 2016 жылдың басында айтылған ресми болжамымен дәлме-дәл келді.