Тағы 7 адам із-түссіз жоғалғандардың қатарында.
Кеме 40 жолаушыны тасымалдауға арналған. Алдын ала тергеу нәтижесіне сәйкес құтқарушылар судан 39 адамды алып шыққан. Оның сегізі ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оларды өлімнен аман сақтап қала алмаған. Сондай-ақ 7 жолаушының қайда екені белгісіз.
Апат орнына провинция басшылығының өкілдері келген. Із-түссіз жоғалғандар іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жолаушылар кемесінің неге аударылғанына қатысты ақпарат жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу