Қытайда жөндеудегі жүк кемесінен өрт шығып, 25 адам қаза болды

348

10 қыркүйекте Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласында жөндеуден өтіп жатқан шетелдік жүк кемесінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытайда жөндеудегі жүк кемесінен өрт шығып, 25 адам қаза болды Фото: zaobao.com

Қайғылы оқиға салдарынан 25 адам көз жұмды. Өрт Бэйхай кеме жасау компаниясының аумағында шамамен сағат 11:15-те басталған.

Төтенше жағдай қызметінің күшімен тілсіз жау сағат 14:30 шамасында толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кезінде кемеде 42 адам болған. Оның 12-сі өздігінен кемеден шығып үлгерген. Тағы бес адам күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Сағат 20:00-дегі ақпарат бойынша, құтқарушылар кемеден 25 адамның денесін тапқан. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин оқиғаға байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел жүргізіп, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ апаттың себептерін қысқа мерзімде анықтауды жүктеді. Оқиға орнынан түсірілген кадрларда "Ocean Melody" атты ірі жүк кемесінің зауыт аумағында тұрғаны көрінеді.

MarineTraffic мәліметінше, "Ocean Melody" кемесінің ұзындығы 190 метр. Ол Либерия туын көтеріп жүзеді. LSEG деректеріне сәйкес, кеме 31 тамызда Бейхай зауытына келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу