Қытайда жылына 600 мыңнан аса адам жұмыстан зорығып, көз жұмады

799

Тұрғындар ел билігінен жұмыс күнін қысқартуды талап етіп жатыр.

Қытайда жылына 600 мыңнан аса адам жұмыстан зорығып, көз жұмады

Таяуда Қытайдың Чунцин қаласында Цзян Жуйхуа есімді 55 жастағы жол-көлік полициясы қызметкері өз кабинетінде жұмыстан зорығып өлген. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабарлады, деп жазады .islam.kz.

Ол 24 сағат, яғни, тәулік бойы кезекшілікте болған. Осыдан кейін таңғы қарбалас шақта орын алатын кептелісті болдырмау үшін көшеге шығуға тиіс еді. Алайда, қызметкерлердің бірі оның кабинетіне бас сұққанда, ес-түссіз жатқан әріптесін көреді. Дереу жедел жәрдем шақыртқанымен дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмаған. Жұмыстан зорыққандықтан миына қан құйылған.

1986 жылдан бері жол-көлік полицейі болып жұмыс істейтін ардагер қызметкердің бұл өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Әсіресе, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, интернет пайдаланушылар ел билігінен жұмыс күнін қысқартуды талап етіп жатыр.

Аталған елде жылына 600 мыңнан аса адам жұмыстан зорығып, көз жұмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу