Қытайдағы АҚШ дипломаттары науқастанып қалып, емделу үшін елдеріне кетті., деп хабарлайды Atameken TV.
Гуанчжоудағы консульдікте қызмет атқаратын қызметкерлер мен олардың бала-шағасы бірнеше күн бойы өздерін нашар сезінген. Бастары ауырып, жүректері айнып, құлақ шыңылдап, ұйқыдан айырылған. Олар бұл микротолқынды сәуледен болуы мүмкін дейді.
Тура осындай жағдай Кубадағы елшілерде де болған еді.
Қазір мамандар мәселенің мән-жайын анықтауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу