Қытайдағы азиялық компаниялр өндіріс орындарын өзге елдерге көшіріп жатыр

1082

Бүгіннен бастап АҚШ Қытайдың жалпы құны 200 млрд доллар болатын тауарына баж салығын 10 пайызға көтерді.

Қытайдағы азиялық компаниялр өндіріс орындарын өзге елдерге көшіріп жатыр

АҚШ тарапынан қысым күшейгендіктен, Қытайдағы азиялық компаниялр өндіріс орындарын басқа елдерге көшіріп жатыр, деп хабарлайды Atameken business.

Олардың қатарында микрожүйеден бастап көлік құрастырумен айналысатындар бар. Осы салада жұмыс істейтін жапон, кәріс кәсіпорындарының Азия елдерінде өкілдіктері бар. Сондықтан оларға өндіріс күшін басқа мемлекетке көшіру еш қиындық тудырмайды.

Осы өзгерістің қызығын Таиланд, Вьетнам сияқты мемлекеттер көреді. Қазірдің өзінде олар Қытайдан өз елдеріне қоныс аударғандарға қолдау көрсетуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгіннен бастап АҚШ Қытайдың жалпы құны 200 млрд доллар болатын тауарының баж салығын 10 пайызға көтерді.

"АҚШ сауда соғысының жеңімпазы бола алмайды. Сондықтан ол  экономикалық дамуы жоғары қарқынға ие Қытайға қарсы әрекетті тоқтатқаны абзал. Ақ үй мойындағасы келмесе де, ол - әлемдегі ең үлкен нарық. ЭПЛ өнімдерінің 4-тен бірін Қытай сатып алатынын ұмытпауымыз керек. Егер біз тауарымызды саудалай алмасақ, оны несіне өндіреміз?!"- дейді Forbes журналының редакторы Джон Тамни.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу