Қытайдағы "Доксури" тайфунынан 800 мыңнан астам адам зардап шекті

388

354,4 мың адам эвакуацияланып, 146,2 мың адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді.

Қытайдағы "Доксури" тайфунынан 800 мыңнан астам адам зардап шекті Фото: Велика Епоха

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясының Су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы штабы 880 мыңнан астам тұрғын "Доксури" тайфунынан зардап шеккенін хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығы (ҰБО) жексенбі күні кешке ауа-райына қатясты ең жоғары деңгейдегі қауіп — "қызыл" режимін қайта ұзартты. ҰБО болжамы бойынша Хэбэй, Шаньси, Хэнань, Шаньдун, Хайнань, Юннань және Сычуань провинцияларында, Гуанси-Чжуан және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аудандарында, Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында, сондай-ақ Орталық бағынышты қалаларда қатты жаңбыр мен нөсер күтіледі.

Аталмыш жерлердің кейбір аймақтарында жауын-шашынның максималды сағаттық мөлшері 70 мм-ден асатын қатты жауын-шашын болады деп болжануда, нөсер найзағай мен қатты желмен бірге жүреді.

Жергілікті билік органдарына қажетті құтқару жұмыстарын тиімді жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу