Оның байлығы 49,3 миллиард долларға бағаланған, деп жазады inbusiness.kz сайты Hurun іскерлік басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, ByteDance-тің 2023 жылғы жаһандық кірісі 30%-ға өсіп, 110 миллиард долларға жетті, ал АҚШ-тағы TikTok қолданбасын пайдаланушылар саны 200 миллионға жақындады.
Бөтелкедегі су өндірісінің атасы, 70 жастағы Чжун Шаньшан соңғы үш жылда алғаш рет бірінші орыннан айырылып, 47,9 миллиард доллармен екінші орынға түсті.
Tencent негізін қалаушы Пони Ма 44,4 миллиард доллармен үшінші орынды иеленді, өткен жылдың соңына қарай WeChat қолданбасын пайдаланушылар саны 1,3 миллиардқа жетті.
Жалпы алғанда, рейтингке дәулеті 5 миллиард юаньнан (шамамен 700 миллион доллар) жеткен 1094 адам кірді, Қытайдағы ең бай адамдардың саны 12%-ға немесе 147 адамға азайды. Оның ішінде 753 кәсіпкер долларлық миллиардер – 2023 жылмен салыстырғанда 142 адамға аз. Рейтингтегі Қытайдың ең бай адамдарының жалпы байлығы 3 триллион долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 10%-ға төмендеген.