Қытайдағы ет тапшылығы бағаны өсірді – Мәдина Әбілқасымова

1836

Жыл басынан бері азы-түлік бағасы 9,1%-ға өсті.  

Қытайдағы ет тапшылығы бағаны өсірді – Мәдина Әбілқасымова

Сенат депутаттарының алдында 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік заң жобаларына қатысты Ұлттық банк ұстанымын түсіндірген Мадина Әбілқасымова БАҚ өкілдерінің елдегі қымбатшылық туралы сауалдарына жауап берді. Ұлттық банк төрағасының орынбасары елдегі азық-түлік бағасына көрші елдердегі жағдайдың да әсер еткенін айтты.

"Жыл басынан бері азы-түлік тауарларының бағасы 9,1%-ға өсті.  Бәрінен де ет пен жеміс көбірек қымбаттады.  Бұл халықтың тұтуну шығындарын көбейтуге мүмкіндік алуымен ғана байланысты емес. Халықтың қалтасына ақша түсе қалса, кәсіпорындардың бағаны өсіретін әдетібар.  Сонымен қатар әлемдік баға да айтарлықтай әсер етті.  Қытайда тараған ауру шошқа етінің тапшылығын тудырған болатын.  Осының салдарынан біздегі ет экспорты айтарлықтай өсті. Бұл еттің ішкі нарықтағы бағасына да әсер етті", – деді Ұлттық банк өкілі.

Есімжан Нақтыбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу