Қытайдың Има қаласындағы газ өңдеу зауытында жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 19 тұрғын жарақат алды. 5 жұмысшы жоғалып, табылмай жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Апат өндіріс ошағындағы ауа бөлуші құрылғы орналасқан бөлігінде болған. Жарылыстан зауытқа 3 шақырымдай жерде орналас үйлердің қабырғалары шайқалып, терезелері сынған. Бірақ бейбіт тұрғындардың жапа шеккені жайлы ақпар жоқ.
Төтенше оқиғадан кейін өндіріс жұмысы уақытша тоқтатылып, жақын маңдағы мекендерден адамдар қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір өндіріс ошағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу