Қытайдағы химия зауытындағы жарылыс екі адамның өмірін қиды

410

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясындағы химиялық зауыттағы арты өртке ұласқан жарылыстан екі адам қаза тапты және 34 адам зардап шекті.  

Қытайдағы химия зауытындағы жарылыс екі адамның өмірін қиды Фото: img1.eadaily.com

Бұл туралы Қытайдың Орталық теледидарына сілтеме жасай отырып russian.rt.com хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам қаза тапты, 12 адам жоғалып кетті, төрт адам ауыр жарақат алды, 30 адам жеңіл жарақат алды", - делінген хабарламада.

Телеарна хабарлағандай, жарылыс 15 қаңтарда алкилация қондырғысын профилактикалық жөндеу кезінде болған.

Қазіргі уақытта тілсіз жаудың беті қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу