Қытайдағы қазақ жігіті екі рөлі бар "алып" трактор құрастырды

1363

Ол өзі құрастырған көлікті әлеуметті желі арқылы таныстырды. 

Қытайдағы қазақ жігіті екі рөлі бар "алып" трактор құрастырды Фото: видео скриншот

Қытайдың Құмыл аймағы Баркол қазақ автономиялы ауданында тұратын қандасымыз Жанат Ылайықұлы қуаты 460 ат күші болатын "алып" трактор құрастырып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты KAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап.

Жоба авторының айтуынша, "BARS 4604" деп аталатын трактордың мүмкіндіктері өте көп.

"Бұл жобаны зерттегеніме бірнеше жыл болды. Соңғы 3 айдың ішінде бөлшектерін сызба бойынша зауыттарға тапсырыс беріп, құрастырып, дайындадым. "BARS" - менің компаниямның аты, 460 – ат күшін білдіреді, 4 – төрт доңғалағы тартады деген мағынада. Ат күші жоғары болғандықтан жер жырту үшін пайдалануға арнап жасадым. Механикалық беріліс қораптарына өзгеріс енгіздім. Сонымен қатар трактордың тағы бір ерекшелігі, мұнда екі руль бар. Қазірге дейін басқа тракторларда жоқ қосымша руль өте қолайлы, жүргізушінің жұмысын көп жеңілдетеді", - дейді Жанат Ылайықұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу