Қытайдағы көмір кен орнындағы апаттан 21 адам көз жұмды

1873

Апат кезінде шахтада 87 кенші болған. 

Қытайдағы көмір кен орнындағы апаттан 21 адам көз жұмды

Қытайдың Шэньму қаласындағы көмір кен орнында апат болып, 21 адам көз жұмды, 66 жұмысшы құтқарылды, деп хабарлайды 24.kz.

Апат кезінде шахтада 87 кенші болған. Олардың 19-ы көз жұмып, құтқарушылар тағы 2 адамды сыртқа алып шығуға күш салған еді. Бірақ операция нәтиже бермеді.

Әзірге кенде апат неден болғаны белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, Қытайдың кен орындарында қайғылы оқиға жиі болып тұрады. Оған көбіне қауіпсіздік шараларының төмен деңгейі себеп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу