Қытайдағы мейрамханалардың бірінде жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты

531

Ел көшбасшысы Си Цзиньпин жарылыс кезінде зардап шеккендерді аман алып қалуға барынша әрекет жасауға тапсырма берді. 

Қытайдағы мейрамханалардың бірінде жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты Фото: CentralAsia.media

Қытайдың солтүстігіндегі Нинся-Хуэй автономиялық ауданындағы мейрамханадағы жарылыс кем дегенде 31 адамның өмірін қиды, 38 адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы Синьхуа АА хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттік хабарлағандай, төтенше жағдай Иньчуань қаласының көшелерінің бірінде (осы автономиялық ауданның әкімшілік орталығы) сәрсенбіде жергілікті уақыт бойынша 20.40-та (Астана уақытымен 18.40) болған. 

Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі өте ауыр жағдайда.
Оқиға орнында полиция жұмыс істейді.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин зардап шеккендерді құтқару және емдеу, сондай-ақ Иньчуань қаласындағы мейрамханада жарылыс кезінде қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасы мүшелерін қолдау үшін барынша күш салуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу