Қытайдағы мұнай өңдеу зауыты Ресей мұнайынан бас тартып, Қазақстаннан сатып ала бастады

466

Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады.  

Қытайдағы мұнай өңдеу зауыты Ресей мұнайынан бас тартып, Қазақстаннан сатып ала бастады Фото: bairdmaritime.com

Батыс санкцияларынан кейін Қытайдың мемлекеттік Yanchang Petroleum компаниясы ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытай енді шикізатты Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінен ала бастады.

Reuters дерегінше, Yanchang Petroleum 2025 жылдың қаңтарында 3 миллион баррель мұнай қабылдайды. Оның 2 миллионы – Абу-Дабидің Murban маркалы мұнайы, ал тағы 1 миллионы – Қазақстан өндірісіндегі CPC Blend. Бұл қадам компанияның ресейлік сорттардан толық бас тартқанын білдіреді.

Yanchang зауыты Қытайдың Шэньси провинциясында орналасқан және тәулігіне 348 мың баррельге дейін мұнай өңдейді. Бұған дейін зауыт ресейлік ESPO және Sokol маркаларын тұрақты түрде алып отырған, ай сайын кемінде бір партия өңдейтін. Алайда батыс санкциялары күшейген соң, Yanchang Қытайдағы Sinopec сияқты алпауыттардың қатарына қосылып, ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатты.

Ақпарат көздері мұндай өзгерістерге АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран мен Ресейге жаңа санкциялар енгізу туралы мәлімдемелері де ықпал еткенін жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу