Қытайдағы оқушылар мектепке "аспан автобусымен" қатынайды

157

Мектепке жету үшін балалар жарты сағат уақыт жұмсайды. 

Қытайдағы оқушылар мектепке "аспан автобусымен" қатынайды Фото: Жэньминь жибао

Юньнань провинциясындағы Гуанчжай ауылындағы бастауыш мектептің алғашқы оқу күні 23 ақпанда басталды. Олар шатақалдағы мектепке ерекше автобуспен барады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты"Жэньминь жибао" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Ничжухэ ауылында тұратын мектеп оқушылары 10 күнге арналған киімдерін алып мектепке аттанды. Ничжухэ – шатқалда жасырынған шағын таулы ауыл. Осыған дейін тұрғындар тау шыңына жету үшін алты сағат уақытын жұмсайтын.

2022 жылы Ничжу өзенінің Үлкен каньонында экологиялық және мәдени туризм аймағы ресми түрде ашылды. 268 метр биіктіктегі лифт, 200 метрлік фуникулер пайдалануға берілді. Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары бұл инфрақұрылымды тегін пайдаланады, ал балалар мектепке "аспандағы автобуспен" барады.

Жергілікті балалар экскурсиялық автобуспен алты-жеті минут жолда жүріп, кейін лифтке мінеді. Оданс соң фуникулерге ауысады. Осының бәрін есептегенде мектепке жету үшін жарты сағат уақыт кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу