Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында өрт болып, 26 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бейсенбіде таңертең Қытайдың Шаньси провинциясындағы Люйлян қаласындағы көмір зауытының кеңсе ғимаратында өрт шықты. Алайда, құрбан болғандардың нақты саны нақтыланған жоқ.
Синьхуа агенттігінің мәліметтері бойынша, құтқарушылар 70 адамды эвакуациялады, және оның 63-і ауруханаға жеткізілді.
Соңғы деректерге сәйкес, өрттің себебі анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу