Қытайдағы сұраныстың өсуі туралы болжамдар аясында мұнай қымбаттайды

586

Жұма күні Brent мұнайының эталондық бренді биржада барреліне 86,44 долларға сатылады.  .

Қытайдағы сұраныстың өсуі туралы болжамдар аясында мұнай қымбаттайды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Brent маркалы мұнай жұма күні Халықаралық биржаларда барреліне 86,44 долларға сатылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz АА сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбідегі соңғы сауда-саттықта осы  маркадағы мұнайдың құны 86,85 долларға жетті, бірақ күнді 86,16 доллар бағамымен аяқтады.

20 қаңтардағы жағдай бойынша мұнайдың  Brent маркасының бағасы 0,32 пайызға өсіп, барреліне 86,44 долларға жетті.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 80,92 долларды құрады.

Бағаның өсуіне Қытайда коронавирустық шектеулерді алып тастау аясында экономикалық белсенділік күшейіп, мұнайға сұраныс артады деген оң болжам әсер етті.

Осы аптада жарияланған ОПЕК пен ХЭА есептері Қытай экономикасының қалпына келген бойда мұнайға әлемдік сұраныс 2023 жылы рекордтық деңгейге жететінін айтады.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде елдегі өмір мен өндіріс COVID-19-ға қарсы шаралар жойылғаннан кейін қалыпты жағдайға оралды деп мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу