Қазақстан үшін енді Қытайдың оңтүстігінен, Сингапур мен Малайзиядан жүк тасымалдау уақыты бірталай қысқармақ. Себебі биыл қазан айында Қытай тарапы солтүстік пен оңтүстікті қосатын теміржолдың құрылысын аяқтайды, деп хабарлайды 24.kz.
Оның "Жібек жолындағы экономикалық белдеу" жобасындағы орны ерекше.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Ганьсу-Қазақстан сауда-инвестициялық форумы өтті. Жиында қос мемлекеттің кәсіпкерлері өзара әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. 2016 жылы Ганьсу өлкесі мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 3 миллиард 900 миллион юаньға немесе теңгеге шаққанда 194 млрд-қа жеткен.
"Биыл қазан айында Қытай тарапы солтүстікпен оңтүстікті қосатын темір жолдың құрылысын аяқтайды. Бұл маңызды құрылыс. Ганьсу өлкесінің "Жібек жолындағы экономикалық белдеу" жобасындағы орны ерекше. Темір жол пайдалануға берілген соң Орталық Азия мен Қытайдың солтүстік және оңтүстік бөлігін байланыстыруға мүмкіндік ашылады", - дейді ҚХР Ганьсу өлкесі губернаторының бірінші орынбасары Хуанг Чанг.