Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) 2020 жылы Қытайдағы турнирлердің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz сайты.
Мұндай шешім қабылдауға Қытай билігінің жыл соңына дейін коронавирус індетіне байланысты қандай да бір жарысты өткізбеуі себеп болған.
Осылайша, WTA Қытайдағы жеті жарыстың өтпейтінін мәлімдеді. Оның ішінде, WTA финалдық кезең де бар. Аталған турнир 1-8 қараша аралығында өтуі тиіс болатын.
Ерлер арасында өтпейтін бәсекелер қатарында Шанхайдағы Masters 1000 турнир, Азиядағы жалғыз АТР Masters 1000 турнирі бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу