Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Ганьсу провинциясында 113 адам қаза тауып, тағы 782-сі жараланған. Цинхайда 18 адам қаза тауып, 198-і жарақат алды. Сонымен қоса, Цинхайда тағы 16 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айта кетсек, магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісін қытайлық сейсмологтар 18 желтоқсан күні кешке Ганьсу провинциясының Линся уезінің Цзишишан уезі аймағында тіркеді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үйлер мен инфрақұрылым нысандары, атап айтқанда, электр және су жүйелері, сондай-ақ, жер сілкінісінің ошағы аймағындағы жолдар әртүрлі дәрежеде зақымданған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу