Reuters агенттігінің хабарлауынша, жұмысшылар қауіпсіздік камералары мен терезелерді таяқпен ұрып, зауытты бұзуға көшкен. Қытай билігі әлі ресми пікір білдірген жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Bloomberg мәліметтері бойынша, жұмысшылар коронавирустың өршуінен қорғау жөніндегі карантиндік шараларға наразы. Сәрсенбі күні таңертең жүздеген зауыт қызметкерлері жатақханаларынан шығып, күзетшілерді жығып, зауыт ішіне өтпек болған. iPhones.ru сайты күзетшілер де аянып қалмай, наразылық білдірушілерді таяқтармен ұрып-соққанын жазады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу