Қытайдан 100-ге тарта БАҚ өкілі келді

717

Қытайдан 100-ге тарта БАҚ өкілі келді

"Синхуа" агенттігі Еуразия бюросының тілшісі Ли Денсу Қазақстанның халықаралық беделді шараны жоғары деңгейде атқаратынына сенімді. Қытайлық ақпарат тарату ұйымының өкілі бұл туралы отандық журналистермен әңгімесінде мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz.
"Бұл – менің Астанаға ең алғаш келуім. Біз ЭКСПО-2017 көрмесінің өте жақсы деңгейде өтеді деп күттік. Дайындық шараларына қарап, көпшіліктің үміті ақталатынына сенімді болып жүрмін. Барлық ғимараттардың ажары таңдай қақтырады, өте әдемі. Кез келген нысанның заман талабына сай салынғанын көреміз. Менің ойымша, Қазақстан көрмені деңгейіне сай ұйымдастырады. Қытайлық "Синхуа" агенттігінен жиырма-шақты журналист қазақ топырағына табан тіреді. Жалпы, аспан асты елінен 100-ге тарта бұқаралық ақпарат құралы өкілі осында бас қостық. Біз тікелей эфир арқылы көптеген репортаждар жасайтын боламыз", дейді Ли Денсу.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу