Қытайдан 585 млн теңге болатын тауарды заңсыз тасымалдаған компания басшысы ұсталды

850

Алматыда аса ірі көлемде халық тұтынатын тауарларды Қытайдан заңсыз тасымалдаумен айналысқан компания анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қытайдан 585 млн теңге болатын тауарды заңсыз тасымалдаған компания басшысы ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп, контрабандамен айналысқан компанияның жолын кесті.

Компания ҚХР-дан аса ірі көлемде халық тұтынатын тауарларды Қазақстанға заңсыз жеткізген.

"Сотқа дейінгі тергеу Group of the Companies TDA ЖШС басшылығына қатысты Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-бөлігі 1, 4,5-тармақтарында көзделген экономикалық контрабанда дерегі бойынша істі тіркеді. Фирманың барлық операциялық жұмысын компания директоры атқарды", – деп жазылған Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.

Қытайдан заңсыз жеткізлген тауарлардың жалпы құны 585 млн теңгеден асады. Сондай-ақ бюджетке кеден төлемдері мен салықтарын төлеуге жататын сома – 125 млн теңге.

"Биыл 31 наурызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу