Жұрт Қытайдан әкелінген көліктерге шағымданып жатыр: Онысы орынды ма?

170

Техникалық регламент өндірістің өзіндік құнына әсер етеді. 

Жұрт Қытайдан әкелінген көліктерге шағымданып жатыр: Онысы орынды ма? Фото: Мотор

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков әр елдің көлікке қоятын техникалық регламенті өзгешеленетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Қазақстанда құрастырылған қытайлық көліктер баға және сапа тұрғысынан Қытайдан әкелінетін көліктермен бәсекеге түсе ала ма?" деп сұрады.

"Әр елдің техникалық регламентке қатысты өз талаптары бар. Оның ішінде көлікті эксплуатациялау, өндіріске қойылатын талаптар. Ел халқы белгілі бір кезеңде осы шарттарға сәйкес келмейтін көліктерді әкелді. Егер Қытай мен Қазақстанның техникалық регламенттерін алатын болсақ, арасында айырмашылық бар екенін көреміз. Бізде болатқа, металға, қозғалтқышқа, қауіпсіздікпен байланысты дүниелерге қойылатын талап басқа. Оларда бәрі басқаша. Өз кезегінде бұл өндірістің өзіндік құнына да әсер етеді", – деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу