Қытайдан "ауған" технологияларды өзімізге тартуға болады – Бақыт Сұлтанов

580

Сауда және интеграция министрі пандемияның жағымды жақтарын атады. 

Қытайдан "ауған" технологияларды өзімізге тартуға болады – Бақыт Сұлтанов

Пандемия кезеңінде бірқатар мемлекет Қытайдағы зауыттарын қайтарып, технологияларын әкетіп жатқан көрінеді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осы жайтты пайдаланып, елімізге жаңа технологиялар енгізудің мүмкіндігі туғанын айтады.

"Әлемде пандемияның салдарынан шыққан сауда-экономикалық өзгерістер бір жағынан экономикамызда кәсіпкерлер үшін тәуекелдерді туындатады. Бірақ басқа жағынан отандық кәсіпорындардың ең жоғары қосылған құны бар өнімді өндіруге көшуге жаңа мүмкіндік терезелерін ашады деп айтуға болады. Өйткені бүгінде жалпы әлемдік тауар айналымында  біраз өзгерістер болып жатыр. Бірқатар ел өздерінің технологияларын, зауыттарын Қытайдан қайтарып жатыр. Сондай кездерде  біздің кәсіпкерлер инвестиция тартып, технологияларды елімізге алып келуге мүмкіндік ашылуда", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу