Қытайдан ЭКСПО-2017 көрмесіне 350 мың турист келеді

1022

Қытайдан ЭКСПО-2017 көрмесіне 350 мың турист келеді

2017 жылы қытайлық туристерге "ЭКСПО-2017" көрмесінде болып, Қазақстанның мәдени-туристік ерекшеліктерін зерттеу үшін жақсы мүмкіндік туады, деді Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев осы елдің халықаралық саудаға іс-қимыл жасау комитеті (ХСІЖК) ұйымдастырған брифинг барысында.

ҚР СІМ-де хабарлағандай, Шахрат Нұрышев өз сөзінде жиналғандарды көрмеге дайындық барысымен таныстырды, ЭКСПО-2017 көрмесін мазмұндық жағынан толтырудың негізгі кезеңдері туралы айтып берді және барлық жиналғандарды іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.

"2017 жылы екіжақты туристік ынтымақтастықты дамыту аясында қытайлық туристерге ЭКСПО-2017 көрмесінде болып, Қазақстанның мәдени-туристік ерекшеліктерін зерттеу үшін жақсы мүмкіндік туады", – деп атап өтті Шахрат Нұрышев.

ҚХР павильонының ұлттық комиссары, ХСІЖК төрағасының орынбасары Ван Цзиньчжэнь Қытай павильонының тұжырымдамасымен таныстырып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде Қытайдың мұнай-химия, күн, ядролық және жел энергетикасы саласындағы "CNPC", "State Grid corporation", "CGN", "Zhejiang Energy", "CGL" сияқты ірі энергетикалық компаниялары өнімінің экспозициясы ұйымдастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ Ван Цзиньчжэнь ХСІЖК болжамы бойынша 350 мыңға жуық Қытай азамат ЭКСПО-2017 көрмесіне келетінін мәлімдеді.

Брифинг қорытындылары бойынша ХСІЖК басшысы Цзян Цзэнвэймен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, алдағы кезеңде Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын ұлғайту және индустрияландыру мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу