Көліктердің 70%-ы Еуропа елдеріне жөнелтілді.
Қарашада Қытайдан электромобильдер экспорты екі еседен астам өсіп, рекордтық деңгейге жетті, деп жазады inbusiness.kz.
Bloomberg мәліметінше, Қытайлық автоөндірушілер өткен айда
жалпы құны 3,2 млрд долларды құрайтын электромобильдерді экспорттады. Бұл бір жыл бұрғыдан 2,7 есе көп.
Қытай Халық Республикасының Кеден әкімшілігі дерегінше, Қытайдан шыққан электр көліктерінің 70%-ға жуығы Еуропа елдеріне, соның ішінде Бельгия мен Ұлыбританияға тасымалданады.
Бұл ретте аталған елден экспортталған көліктердің тең жартысы экологиялық автолар.
Жалпы, Қытайдан шетелге автокөлік тасымалы қарашада рекордтық 6 млрд долларға жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу