Қытайдан елімізге келушілер жаппай тексерілуде

2507

Оған көрші елде белең алып жатқан коронавирус ауруы түрткі болған.  

Қытайдан елімізге келушілер жаппай тексерілуде

Бұл жайында еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин арнамызға берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Айтуынша соңғы екі күнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының әуежайында Қытайдан келген 500 адам тексеруден өткен. Эпидемиялогиялық бақылауды күшейту үшін қашықтан термометриялау әдісі қолдануда. Ол шекара асқандардың дене қызуын анықтап, аурудың бар немесе жоғынан хабар береді.

Еске салсам, Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрін 59 адам жұқтырған. Адам өлімі әлі тіркелмегенімен, 7 қытайлық азамат аса ауыр халде жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу