Қытайдан эвакуацияланған 89 студент ауруханадан шығарылды

939

Енді алдағы он күнде олар тұрғылықты мекенжайындағы емханалардың бақылауында болады.

Қытайдан эвакуацияланған 89 студент ауруханадан шығарылды

Қытайдан эвакуацияланған 89 студент елордадағы Көпсалалы медициналық орталықтың жұқпалы аурулар бөлімінен шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2020 жылы 2 ақпанда Ухань қаласынан студенттер жеткізілді. Оның ішінде Беларусьтың - 5, Арменияның 1 азаматы бар. Олар 14 күндік карантинде болды. Бұл уақыт аралығында бірқатар зерттеу жүргіздік, соның ішінде коронавирус бар-жоғын анықтадық. Олардың ешбірінде коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Бүгін олар үйлеріне жіберілді", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Сәуле Атығаева.

Оның айтуынша, енді алдағы он күнде олар тұратын жеріндегі емханаларда бақылауда болады.

2 ақпан күні Уханьнан 83 азамат эвакуацияланған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу