Қытайдан гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы келді

1064

Жақын арада медициналық қорғаныс құралдарының тағы бір партиясы жеткізілмек.

Қытайдан гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы келді

Бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайына Қытайдан жіберілген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы келді, оның ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер мен медициналық киімдер бар, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесіп, сол кезде қытай тарапының Қазақстанға гуманитарлық көмек беруі туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

Енді жақын арада гуманитарлық көмектің, яғни медициналық қорғаныс құралдарының тағы бір партиясы жеткізілмек.

Алматы әуежайында жүкті "Фармация" СҚ, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі, ҚХР Бас консулдығы өкілдері күтіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу