Қытайдан хат келеді...

286

Көрші елдердің байланыс операторлары біздегілерден басым түсіп тұр. Себебі, мемлекетіміздің шетіне барсаңыз болды шекарадан өтпей жатып, ұялы телефоныңызға жат елдің смс-хаттары бірден жетіп келеді.

Қытайдан хат келеді... Фото: pixabay.com

Бұл басқасын айтпағанда ұлттық қауіпсіздігімізге төнген қауіп  деп, депутатттар бұған дейін мәжіліс мінберінде талай айтқан еді. Бірақ баяғы жартас сол жартас. Бұл мәселе үкімет деңгейінде көтерілсе де әлі шешілмеген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Иә, ештеңе өзгермеген. Сол баяғы интернет жылдамдығы баяу. Ұялы байланыс нашар. Ауылдардан алыстап шықсаңыз біреуге қоңырау шалу тіпті қиын.

Марқакөлге кіреберісте Қытай еліне хош келдің!  деген хат ұялы телефонға келеді.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров осы Марқакөл өңірі ғана емес, еліміздің шекара шебіндегі елдімекендердегі жағдайды сол кездегі цифрлық даму министрлігіне сауал етіп жолдап еді. Ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қиын деп, меселені мемлекеттік деңгейде шешуге ұсыныс та жасаған болатын.

"Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл аудандарынан шекарамен өткен кезде ұялы телефонға Қытайға хош келдіңіз!  деген, ақпарат келеді. Міне осы мәселені қалай шешеміз? Өйткені, бұл мәселе ол жақтағы халықтың моральдық-психологиялық деңгейін өте жаман әсер етеді. Осы мәселелерді мемлекеттік деңгейде шешу керек тәрізді", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.

Бірақ шекараға барсаңыз ел Астанасында айтылған сөз сол жерде қалғанын сезінгендей боласыз. Біздегі баяу істеп, сылбыр қозғазалатын байланыс операторларының қызметіне қарны ашқан халықты көріп, қайран қалғаннан басқа амал жоқ.

"Марқакөл біздің мына шығыстың ауданы болып есептеледі ғой. Қытайдікі емес. Сол Марқакөлдің жаңағы Бораннан өтіп Теректіге кетіп бара жатқан жолдың бойына кіргенде хабарлама келеді", - дейді ауыл тұрғындары.

Ал жергілікті билік өкілдері көрші елдің байланыс құрылғысының күштілігін мойындауға мәжбүр.

"Енді ол мына біздің көрші мемлекеттің осындай жүйесінің күштілігін көрсетеді. Олар біздің байланысымызды басып кетеді. Ал біздің ондай күшіміз жоқ. Біз бір антена қойсақ, маңайдағыны ұстай алмай қалады", - дейді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев.

Аудан әкімінің орынбасары бұл мәселені жоғары жақтағылар біледі. Үкімет деңгейінде шешілмесе, жергілікті жерде ештеңе нәтиже шықпайды  деп кесіп айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу