Қытайдан қашып келген екі қазаққа қатысты сот отырысы басталды

1384

Алайда сот процесі тоқтатылып, келесі отырыс 21 қаңтарға белгіленді.  

Қытайдан қашып келген екі қазаққа қатысты сот отырысы басталды

Еліміздің мемлекеттік шекарасын  заңсыз кесіп өтпек болған синьцзяндық  этникалық екі қазақтың ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында өткен сот тыңдауында айыпталушылардың адвокаты процесске төрағалық етуші сот Шынар Оспановаға сенімсіздік танытты.  Ал сот отырысына ондаған адам қатысты, олардың арасында құқық қорғаушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды. Сот барысында күдіктілер  шекараны заңсыз кесіп өтуге  не себепті барғандарын және өздерін  босқынбыз деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу