Қытайдан қауіптенген Тайвань әскери қызмет мерзімін ұзартты

529

Қытай тарапынан өсіп келе жатқан қауіпке байланысты Тайвань Президенті Цай Инвэн міндетті әскери қызметті төрт айдан бір жылға дейін ұзарту туралы мәлімдеме жасады.

Қытайдан қауіптенген Тайвань әскери қызмет мерзімін ұзартты

ҚХР армиясының Тайвань жағалауындағы әскери жаттығуларынан қауіптенген арал билігі осындай үкім шығарды. Оқу-жаттығу барысынба Қытай өз аумағы деп санайтын аралға қарай 71 ұшақ пен 7 кеме жіберді.

"Бір Қытай" қағидатының бұзылуы АҚШ Конгресінің спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін тамыз айында байқалды, салдарынан арал билігімен қарым-қатынас одан әрі ушыға түсті. 

Қараша айында өткен Үлкен жиырмалық саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденге Тайвань мәселесі - Қытай-Америка қатынасының "аттамас шегі" екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу