Қытайдан Қазақстанға 217 кг темекі алып өтпек болғандар ұсталды

943

"Қорғас-ШЫХО" кеден бекетінде акцизсіз темекі өнімдерінің ірі партиясы ұсталды.

Қытайдан Қазақстанға 217 кг темекі алып өтпек болғандар ұсталды

Кеден бекетінің қызметкерлері салмағы 129 кг – 708 блок Milano маркалы және салмағы 88 кг болатын 440 блок Mond маркалы темекі өнімдерін Қытайдан Қазақстанға алып өтпек болғандарды ұстады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта істің барлық жағдайы тексерілуде, ұсталған тауарлардың кедендік құны анықталады. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу