Қытайдың туристік агенттігі "Сиань — Алматы" бағытында пойыз қатынасын ұйымдастыруға қызығушылық танытты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұл мәселе пысықталып жатыр. Жыл басында Қытайдағы әріптестерімізге хабарластық, әзірге жауап жоқ, бірақ олар бұл мүмкін деп отыр. Сондай-ақ, Қытайдың туристік агенттігі „Сиань — Алматы“ бағытында пойыз қатынасын ұйымдастыруға қызығушылық танытып, маусым айына жоспарлауда. Айта кететін жайт, бұл — туристік пойыз, ұйымдастыру жағын Қытай толығымен өз мойнына алады. Пойызға, жолсеріктер мен жолаушыларға толығымен өздері жауапты. Жоба іске қосылғаннан кейін өз тарапымыздан пойыз бағыттарын іске қосуға қатысты келіссөз жүргіземіз", — деді Жәнібек Тайжанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.