Қытайдан кейбір жемісті алып келу уақытша тоқтатылды

898

Тыйымды енгізуге Қытайдан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнімдерде "карантиндік объектілердің" жүйелі түрде анықталуы негіз болған.

Қытайдан кейбір жемісті алып келу уақытша тоқтатылды

Қытайдан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 0808, 0809 және тиісінше 0805) алып келуге уақытша тыйым салынды. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.

Қазір комитет Қытайдың Бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификация жолдаған.

ҚХР карантиндік қызметі жолданған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды.

"Қытай тарапы жүйелі сипатта орын алған бұзушылықтар жекелеген жеміс-жидек бақшаларының карантиндік объектілерге қарсы алдын алу шараларын жүргізбеулеріне байланысты екенін анықтады",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу