Қытайдан келген тауарларды ұрлап, 200 млн теңге шығын келтіргендер ұсталды

218

Алматыда Қытайдан келген тауарларды ұрлаған қойма қызметкерлеріне қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытайдан келген тауарларды ұрлап, 200 млн теңге шығын келтіргендер ұсталды Фото: canva.com

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) қызметкерлеріне қатысты соталды тергеуді аяқтады.

"Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарлар туралы ақпаратқа қол жеткізген. Шығын 200 млн теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардап келтірді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу