Қытайдан коронавирустың жаңа түрі табылды

649

Көршілес Қытайда омикронның жаңа нұсқасы пайда болды.  

Қытайдан коронавирустың жаңа түрі табылды Фото: delfi.lt

Икс-Би-би 1.5 (XBB.1.5) штамы 10 науқастан анықталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ол иммундық төзімділікпен және тез таралуымен қауіпті. Алайда бұл ерекшелікке қарамастан, сарапшылар алаңдауға еш негіз жоқ, дейді. Себебі, елде аурудың таралуы бәсеңдеген.

"Қытайдағы коронавирустық мутацияларды өте мұқият қадағалап отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша қысқа мерзімде XBB штаммы негізгі мәселеге айналмайды. Таралып жатқан күннің өзінде біз әрекет етуге дайынбыз", - деп мәлімдеді Цинхуа университеті қоғамдық денсаулық сақтау институты директорының орынбасары Лян Ваньнянь.

Қазіргі уақытта Қытайда табылған барлық штамм Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына белгілі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу