Қытайдан Қырғызстан мен Өзбекстанға апаратын темір жол құрылысы күзде басталады

429

Жобаның құны 4,7 млрд долларға бағаланып отыр.

Қытайдан Қырғызстан мен Өзбекстанға апаратын темір жол құрылысы күзде басталады Фото: rail-news.kz

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысы биылғы қазан айында басталады. Бұл туралы "Қырғыз темір жолы" ұлттық компаниясы күрделі жөндеу басқармасының бастығы Рысқұлбек Жұмабаев "Биринчи радио" эфирінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рысқұлбек Жұмабаевтың сөзінше, аталмыш жоба мен Балықшы-Кочкор-Қара кече-Макмал теміржолы республиканың негізгі күретамыры атанбақ. Екі жоба ішкі теміржол желісін қалыптастыруға, Қырғызстанды географиялық тығырықтан шығаруға мүмкіндік береді.

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы трансевразиялық көлік дәлізіндегі оңтүстік бөлік тармақтарының біріне айналады. Ол Қашғар-Торугарт-Макмал-Джалал-Абад-Андижан арқылы өтетін болады. Жылына 15 миллион тонна жүк тасымалданады деп күтіліп отыр. Тауарларды негізгі тұтынушыларға дейін жеткізу мерзімі жеті күнге қысқармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу