Қытайдан Қырғызстанға алғашқы контейнерлік пойыз жүреді

1343

Бағдарлы пойызды Қазақстан аумағы арқылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны - "KTZ Express" АҚ жөнелтеді.  

Қытайдан Қырғызстанға алғашқы контейнерлік пойыз жүреді

Алтынкөл қазақстандық шекаралық темір жол станциясы және KTZE Khorgos Gateway Құрғақ порты арқылы Қытайдан Қырғызстанға алғашқы контейнерлік пойыз жүріп өтеді.  

"KTZ Express" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 46 контейнерден тұратын пойыз құрамында жалпы салмағы 800 тоннаға жуық топтық жүк кіреді, ол Қытайдың Үрімші станциясынан Қырғызстанның Аламедин станциясына 4 күнде жеткізіледі.

"KTZ Express" үшін халықаралық көлік дәлізін дамыту басым міндеттердің бірі. Біз ұйымдастырған жаңа сервис бағыттарымыздың географиясын кеңейтті және клиенттерімізге логистикалық шығындарды қасқартуға мүмкіндік берді. Осы маршрутта жол жүру барысында жүктерді өңдеудің болмауы есебінен жылдамдықтың оңтайлы параметріне қол жеткіздік және келешекте осы маршрут бойынша контейнерлік жүкағынын ұлғайтуға және контейнерлік пойыздың тұрақты жүруін ұйымдастыруға ниетті екендігімізді атап өткім келеді", - деді "KTZE-Оңтүстік" Бас директорының орынбасары А. Берекбұлов.

 

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу