Қытайдан миллионерлер кетіп жатыр

445

Былтыр 11 мыңдай дәулетті адам шетел асқан.  

Қытайдан миллионерлер кетіп жатыр Фото: google.com

Биыл Қытайдан 13,5 мың бай-дәулетті тұрғын өзге мемлекетке қоныс аударады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап. 

Бай тұрғындарынан айырылған елдер тізімінде екінші орында – Үндістан. Ол жақтан 6,5 мың миллионер кетуі ықтимал. Сондай-ақ Гонконг, Оңтүстік Корея мен Жапония да ауқатты адамдардың өмір сүруіне қолайсыз болып тұр. 

Ал Австралия, керісінше, байлар үшін тартымды елге айналды. Дәулеттілерге жағатын мемлекеттер қатарында, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Швейцария мен Канада бар. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу