Қытайдан он екі тонна қорғаныс құралы сатып алынды

897

Алматыға миллион доллардың медициналық заттары тиелген арнайы борт қонды. 

Қытайдан он екі тонна қорғаныс құралы сатып алынды

Covid-19-бен күресіп жатқандарға арналған бұйымдар қаладағы емхана мен ауруханаларға таратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдан он екі тонна жоғары сыныпты қорғаныс маскалары, респираторлар, көзілдіріктер, қайта пайдалануға болатын Dupont қорғаныс костюмдері, инфрақызыл термометрлер сатып алынды. Бұл бұйымдар коронавируспен күресіп жатқан қаладағы медицина, полиция, әскери қызметкерлер мен шұғыл қызметтердің қажеттіліктері үшін жеткізілді.

"Жеке қорғаныс құралдары тапшы болды. Пандемия кезінде дәл осы тауарларға сұраныс жоғарылаған. Сондықтан, Шанхайдан Алматыға тауарларды жеткізуді ұйымдастыру оңай болған жоқ. Біз ҚР Сыртқы істер министрлігіне, Қытай Елшілігіне және ҚХР-дағы Қазақстан Елшілігіне алғысымызды білдіреміз", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Жеке қорғаныс құралдарын сатып алу мен жеткізуді қазақстандық кәсіпкерлер жүзеге асырды. Атап айтар болсақ, Евгений Фельд, Асқар Алшынбаев, Есенғали Байменов, Нұржан Бекшенов, Райымбек Баталов.

Алматыға 320 мың маска, 6,4 мың респиратор, 7 мың көзілдірік, 12,2 мың Dupont қорғаныс костюмдері, 440 мың қолғап, 3,16 мың инфрақызыл термометр әкелінді. Бұл тауарлар еуропалық сапа сертификаттарына ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу