Қытайдан шыққан жүк алғаш Транскаспий дәлізі арқылы Еуропаға аттанды

300

Транскаспий дәлізі арқылы өтетін алғашқы көлік керуені Құрық портына жетті.  

Қытайдан шыққан жүк алғаш Транскаспий дәлізі арқылы Еуропаға аттанды Фото: kapital.kz

Қытайдан шыққан контейнерлер кемелерге тиеліп, Әзербайжан, Грузия, Түркия пен Еуропа елдеріне жіберілді.

Жаңа Қытай-Қазақстан-Еуропа көлік керуенінің жалпы ұзындығы 4800 шақырымды құрайды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Бүгін Қытай мен Қазақстан көшбасшыларының "Ақордадағы" ресми кездесуі аясында Көлік министрі Марат Қарабаев пен ҚХР Көлік министрі Ли Сяопэн Транскаспий дәлізі арқылы өтетін Қытай-Қазақстан-Еуропа көлік керуенін салтанатты түрде аттандыру рәсімін ашты.

Министрдің айтуынша, Қазақстан арқылы транзит Қытай мен Еуропа сауда қатынасын одан әрі дамытуға серпін береді. Он күнге созылатын сапар аясында жүріп өтілетін жолдың жалпы ұзындығы — 4800 шақырым. Алғашқы керуен Қазақстанның 8 өңірінен өтіп, дәл бүгін Құрық қорығына сәтті жетті. Ақтаумен тікелей байланыс орнатылып, Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әлі алғашқы жүк контейнерлерін Еуропаға жіберуге рұқсат алды.

"Қытайдан шыққан контейнерлер автокөлік керуенімен Ақтауға, Құрық портына келіп жетті. Олар Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдеріне бет алады. Бүгінгі тарихи оқиға – Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы", – дей келе Алтай Әлі алғашқы жүкті кемемен жөнелтті.

Сонымен Транскаспий дәлізі арқылы өтетін жаңа транзит тізбегі сәтті іске қосылды. Енді заманауи Жібек жолы Қытайдан бастау алып, ол жақтан шыққан жүк сегіз күн бойы Қазақстан арқылы жүріп, Ақтаудағы құрық портына жеткізілетін болады. Кейін контейнерлер кемелерге тиеліп ары қарай Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдеріне жеткізіледі.

Сонымен қатар екі ел арасындағы логистикалық байланыс теміржол арқылы да орнатылғын. Пойыз жолы 11 мың шақырымға созылып, 30 күнді алады. Нәтижесінде тауарлар Еуропаның ішкі өңірлеріне жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу