Қытайдан тағы 217 отандасымыз елге жеткізілді

1018

Ертең 150 адам елге жетеді.

Қытайдан тағы 217 отандасымыз елге жеткізілді

ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров отандастарымыздың Қытайдан жеткізілгенін айтты. Олардың көпшілігі студенттер.

"Бүгін түнде Қазақстан үкіметінің дипломаттарының күшімен 217 азамат елімізге жеткізілді. Келген адамдар негізінен студенттер. Сондай-ақ 5 бала бар. Олар Қытайдың 36 қаласынан жиналып, түнде Пекиннен арнайы рейспен келді. 12 ақпанда тағы 150-ге жуық адам жеткізілмек", – деді Айбек Смадияров.

Қытайға ұшқан ұшақ көрші ел азаматтарын еліне апарған.

"Бұл рейстерді орындауға Қытай тарапы да жәрдемдесті. Осы бортпен 45 Қытай азаматын Пекинге жеткіздік. Әлі де болса Қытайда елімізге қайтқысы келетін отандастарымыз бар. Ал кейбіреулері сол елде қалғысы келеді. Олдардың арасында дипломатиялық қызмет өкілдері мен олардың отбасы мүшелері, біздің студенттеріміз және сонда жұмыс істейтін тағы басқа азаматтарымыз бар", – деп түсіндірді СІМ өкілі.

Айбек Смадияровтың сөзінше, Қытайдың өзге қалаларындағы азаматтар Қазақстанға басқа елдер арқылы қайта алады.

"Естеріңізде болса, Ухань қаласынан 83 азаматымызды алып шықтық. Сондай-ақ, Өзбек, Ресей билігінің көмегімен тағы 8 азамат елге қайтты. Қытайдың басқа қалалары карантинге жабылған жоқ. Елге қайтқысы келген азаматтар басқа елдер арқылы келе алады", – деді ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу