"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ интернет-дүкендерден сатып алынған тауарларды апта сайын тасымалдайтын транзиттік пойыз іске қосылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады. Тасымалдау ұйымдастырушысы – KTZ Express "Atasu Logistics" ЖШС. Жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі – апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемі ұлғайса, шаттлдарды жөнелту жиілігі де ұлғаяды", делінген ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.