Қытайдан заңсыз тауар әкелмек болғандар ұсталды

854

Тауар  "Rapiscan" сканері арқылы тексеру барысында анықталды. 

Қытайдан заңсыз  тауар әкелмек  болғандар ұсталды

Тасымалдаушылар тауарын көрсетілген нысанда декларацияламаған, осылайша ірі көлемдегі гаджеттер мен олардың қосалқы бұйымдарын елге әкелу фактісін жасырған. Тауар  "Rapiscan" сканері арқылы тексеру барысында анықталды.

"Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б және Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп ҚХР-дан Қазақстанға заңсыз тауар әкелмек болғандарды ұстады және тәркіледі.

Ұсталған тауарлар ішінде 103 келі темекі өнімі, жалпы салмағы 16 кг 148 дана түрлі модельдер мен маркалы ұялы телефондар, USB жинақтағыш, 199 дана GSM модульді микросхемалар, 42 дана бейнетіркегіштер, 112,5 кг қытай дәрі-дәрмектері бар.

Қазіргі уақытта ұсталған тауар УСҚ-ға орналастырылды, тауардың кедендік құны анықталып, істің барлық жағдайы анықталуда, одан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу