Қытайдан жүк тасымалдаудың жаңа тәртібі енгізілді

999

Пандемия кезінде сауда-саттықты арттыру үшін тауарлар шекарада жиналады.

Қытайдан жүк тасымалдаудың жаңа тәртібі енгізілді

Пандемия басталғалы бері Қытай тарапы шекарадағы өткізу пункттері арқылы көлік құралдарының кіруін бақылауды күшейтті. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін екі жақ Қытайға кіретін көлік құралдарының санын күніне 100 бірлікке дейін көбейту туралы келісімге келді. Бұрын көрші елге жиырмадан артық көліктің кіруіне рұқсат етілмейтін. Ал, биылғы жылдың 20 шілдесінен бастап Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Қазақстаннан автокөлік қабылдауды тоқтатқан еді.

Жаңа рәсімдер екі жақтан мақұлданғаннан кейін, барлық жүк тиеу операциялары Қазақстан Республикасының шекаралық көліктік-логистикалық орталықтарында жүзеге асырылатын болды. Ол жерде тауарлар әрі қарай тұтыну аймақтарына тасымалдану үшін қазақстандық/шетелдік транзиттік көліктерге қайта тиеледі. Бұл шара көліктердің басым көпшілігінің Қытай жағына өту қажеттілігін жояды әрі "Нұр жолы" өткізу бекетінде көлік кептелісін болдырмайды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, Үкімет Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктерінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітілген. Атап айтқанда, қытайлық жүргізушілер мен өнімге қатысы бар адамдар үшін визалық талаптарды жеңілдету мәселесін шешу де қарастырылған. Сондай-ақ, осы жоспар аясында қытайлық көліктерге қатысты көлік заңнамасының талаптары жеңілдетілмек.

Қазіргі таңда Үкімет қытайлық жүргізушілердің қазақстандық бақылау пунктіне 24 сағат бойы визасыз режимде кіруіне мүмкіндік беру туралы шешім қабылданған.
Сонымен қатар мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Қытайға экспортталатын отандық өнімдер арнайы "жасыл дәліз" арқылы тасымалданады әлі оларды өткізу кезектен тыс жүргізіледі. 

Айта кетсек, мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде байланыс орталықтары  жұмыс істейді. Егер кеден органдарының лауазымды тұлғалары тасымалдаушылардың құқықтарын бұзған жағдайда және қандайда бір заңсыз әрекеттер болса, байланыс орталықтарына жүгінуге болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу