Ал сингапурлық басылым Қытайдағы неке санының азаюы соңғы 10 жылдан бері жалғасып келе жатқанын жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қытайдың азаматтық істер министрлігі "Азаматтық әкімшілік бойынша 2024 жылдың төрт тоқсанындағы статистикалық деректер есебін" жариялаған.
Министрліктің келтірген мәліметтері дабыл қағарлық. 2024 жылы Қытайда 6 106 000 жұп некеге тіркеліп, 2 621 000 жұп ажырасу туралы куәлік алған. Ал The Paper-дің жазуынша, 2023 жылы Қытайда 7 680 000 жұп некесін қиса, 2 593 000 жұп екіге айырылған. Яғни, 2024 жылы тіркелген неке саны 20,5%-ға азайса, ажырасқандардың саны 1,1%-ға артқан.
Сингапурлық "Lianhe Zaobao" басылымы Қытайда неке қию көрсеткіші 2014 жылдан кейін тұрақты түрде азайып, 2023 жылы ғана сәл серпіліс байқалған.
Қытайлық тәуелсіз демограф Хэ Яфу WeChat әлеуметтік желісі арқылы былтыр қараша айында 2023 жылғы неке қию көрсеткішінің жоғарылау болуына қатысты пікір білдірген. Оның сөзінше, 2020-2022 жылдары COVID-19 пандемиясынан соң үйлену жоспарын кейінге қалдырғандар статистикаға айтарлықтай әсер еткен.