Тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Олардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, "Starlink" спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.
Топтың әрекеттері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.
Осыған байланысты одан әрі тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды, – делінген ресми хабарламада.
2026 жылдың 16 қазанында шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылған. Одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылып отыр.